Ашық сабақ жоспары

Мамандығы: «Ферма  шаруашылығы»

Тақырыбы: ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автомобильдерінің трансмиссиясы.

Сабақ мақсаты: ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автомобильдерінің трансмиссиясын

студенттерге танистыру, оларды бөлшектеу, жинау, реттеу әдістерін үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттерді топтасып жұмыс жасауға, жұмысты ұқыпты, мұқият және еңбек қауіпсіздігін қадағалап атқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың оқу материалдық жабдықталуы

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1.Студенттермен амандасу:

-Сәламатсыздар ма, студенттер.

Отырыңыздар.

2.Студенттерді түгендеу.

3.Студенттердің сабаққа әзірлігін тексеру.

4.Студенттердің құрал-жабдықтарын тексеру, жұмыс орындарын тексеру.

Сабақтың құрылымы:

1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

2.Студенттерге жаңа тақырыпты меңгерту (сұрақ-жауып)

Студенттерге сұрақтар:

А.ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автомобильдерінің трансмиссиясына қандай бөліктер жатады?

Б.ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автомобильдерінің трансмиссиясына қандай техникалық қызмет көрсетіледі?

В.Трансмиссиялардың қандай түрлері бар?

Г.Трансмиссиялардың атқаратын қызметі?

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. (қысқаша конспекті)

Автомобильдердің жетекші доңғалақтарына қозғалтқыштың айналу моментін трансмиссия жеткізеді. Ол айналу моменті мен айналыс жылдамдығын өзгертіп, жетекші доңғалақтарға таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол қозғалтқыштың иінді білігі айналу жиілігінің жетекші доңғалақтар айналу жиілігіне қатынасына тең.

Трансмиссия түрлері:

1.Механикалық

2.Гидравикалық

3.Электрлі

4.Құрамалы

Автомобиль трансаиссиясына ілініс, беріліс қорабы, үлестіргіш қорап, карданды беріліс, жетекші белдіктер кіреді.

Іліністер механикалық және гидравикалық болып бөлінеді.

Механикалық трансмиссия автомобильдерде көп тарағаны-механикалық трансмиссия. Ол автомобильдің жетекші доңғалақтарының орналасуына байланысты әртүрлі схемада орындалуы мүмкін.

Доңғалақ формуласы 4х2 автомобильдер үшін жиі қолданылатын сызба-қозғалтқышы алдында орналасқан, артқы доңғалақтары жетекші жіне орталық бойлық оське негізгі трансмиссия бөлшектерін орналастырған «Волга», ГАЗ-53,МАЗ-5335 және басқалары.

Доңғалақтарға жеткізілген айналу моменті доңғалақтың радиусына бөлсек тарту күшін аламыз, яғни доңғалақтардың жолмен үйкеліс қатынастары қорытындысымен автомобильдің қозғалысын қамтамасыз ететін күш.

Жаңа тақырып бойынша тапсырма беру.

Студенттерді үш бригадаға бөлемін. Мақсатым студенттерге трансмиссия мен олардың құрылысын меңгерту.

ІІІ. Студенттердің жаттығу және өз бетімен жұмыс түрі.

Студенттерге автомобильдің тарнсмиссияларын бөлшектеп жинап үйрету. Студенттерге трансмиссия арқылы жаттығуларын өз бетімен орындай білуін меңгерту.

ІV. Бекіту құрылымы.

  1. Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау.
  2. Студенттерді жақсы жұмыс көрсеткені үшін бағалау. Студенттерге жұмыс барысын айту, жұмысқа талдау жасау, жақсы және шамалы жұмыстар болдыма?
  3. Студенттердің жұмыс барысында жіберілген қателіктерін көрсету, болдырмау тәсілдерін үйрету.
  4. Жабдықтарды, жұмыс уақытын жіне аңбек амалдарын тиімді пайдалану. жұмыста құралды мұқият ұстауға және тазалықты айтамын.
  5. Өндіріс оқу журналына баға қойылды.
  6. Үйге тапсырма беру.
  7. Жұмыс орнын жинастыру. Өндіріс оқу шабарханасын 2 студент жинайды, құралдарды орнына қояды.

Студенттер, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Бөлісу: