«Уфа» футбол клубы Ларнека оқу-жаттығу жиындарындағы үшінші бақылау матчында швецариялық «Янг Бойз» жастар командасын ұтты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Кездесудің 17-минутында уфалықтардың словениялық шабуылшысы Ловро Бизяк дубль жасады. Футболшыға дубль үшін 80 секунд қана қажет болғанын айта кетейік. 25-минутта Александр Пуцко бас жарақатын алып, оның орнына Игорь Дивеев алаңға шықты. Бірақ үзіліске дейін-ақ швецариялықтар Юрий Шафинский қақпасынан саңылау тапты. Осылайша есеп 2:1 болды. Айта кетейік, екінші таймда «Уфа» сапында ауысымға шыққан Қазақстан құрамасының шаубылшысы Еркебұлан Сейдахмет осы маусымда команда үшін алғашқы ойынын өткізді, деп жазады kaz.vesti.kz.

Бөлісу: