Сейтбаев Ерғали Сағынғалиұлы
Арал көпсалалы колледжінің тарих және құқық пәнінің оқытушысы.
Қызылорда облысы.

Тақырыбы:  «Құқық  және заң»  топаралық сайысы

Мақсаты:  Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сұрақтар, буклеттер, үлестірмелер.

Барысы:
1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,  студенттер  және кеш қонақтары  «Құқық  және заң» атты топаралық   сайысқа  қош келдіңіздер!
Сайысымыздың   мақсаты:  колледж  студенттерінің  құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын   орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

2-жүргізуші:

«Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп  Елбасы  Н. Ә. Назарбаев айтқандай  тәуелсіз еліміз Қазақстанды сүйетін патриот болу,  заңдылықтарды меңгерген  азамат болу біздің міндетіміз.

1-жүргізуші:   

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан.   Ата заңның1 бабының1-тармағында»Қазақстан өзінің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орныктырады деген.  Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан  өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаған.  Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

2-жүргізуші: 

Бала құқығын қорғау1948 жылдан бері  әлем назарында. 1989  жылы 20 қарашада  БҰҰ-да 61 мемлекет қол қойған  «Бала құқығы туралы конвенция»  қабылданды, қазір оған 191 мемлекет қол қойды.  1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды. Ал, 2002жылы тамызда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды.

1-жүргізуші: 

Олай болса құрметті студенттер сіздердің құқықтық сауаттылықтарыңызды анықтау мақсатында топаралық сайысымызды бастайық.  Алдымен әділқазылар мүшелерімен танысып отырайық, директордың оқу-өндірістік орынбасары Е.Садақбаев, оқу-ісі орынбасары Р.Жаймақова, колледж әдіскері  А.Баймбетова

2-жүргізуші:

Бүгінгі «Құқық  және заң»  сайысы 3 кезеңнен тұрады. 1-кезең  .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?”    Сұрақ-жауап сайысы. 2-кезең  Тығырықтан шығар жол қайсы?»   Ситуациялық жағдайды шешу. 3-кезең  «Қызықты пирамида»  ойыны.  Олай болса сайысымызды бастайық.

1-жүргізуші:

1-сайыс.   .“Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?”    Сұрақ-жауап сайысы.

  1. Баланың қандай құқықтары мен міндеттерін білесіздер?

Жауабы:

— Өз ата-анасы білуге;     Отбасында өмір сүріп, тәрбиеленуге;    Өмір сүру құқығы;

— Тегін білім алуға;       Денсаулығын сақтауға;    Өз пікірін білдіруге;

— Сөз   ар-ождан бостандығына;   Өзін-өзі қорғауға және заңмен қорғалуға;

— Мамандық таңдауға;  Салымдар салып оны пайдалануға;  және т.б.

 

  1. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
    3. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
    (БҰҰ).
    4. БҰҰ-ның мақсаты не?  (Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша бөлім, қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 баптан
    6. Заң бойынша бала деп кімді атайды?  (18 жасқа толмаған адам).
    7. Қанша жастан бастап  қылмыстық жауапкершілікке тартылады?   (16 жас,ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
    8.Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар?  (14 жастан, рұқсатпен).
    9.  Патриотизм дегеніміз не?    (Отанға деген сүйіспеншілік, отанды сүю, құрметтеу қадірлеу)
  3. Студенттің колледж ішіндегі ішкі тәртібі қандай болу керек? (Колледж ережесінде бекітілген тәртіпке, ережеге бағыну керек. Тәртіпті жүруге, білім алуға, оқытушыларды сыйлауға, сабақтан себепсіз қалмау, колледж мүліктерін бүлдірмеу және т.б.)

      2-жүргізуші: 

Құрметті студенттер, тарихқа кішкене үңілетін болсақ, өздеріңізге белгі сонау хандық дәуірден бастап  заңдық ережелер жинағы құрылған   “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасалды.    Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле биҚазыбек биӘйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.

Ал, қазіргі таңда өздеріңізге белгілі  Ата заңымыз – Конституцияға және басқа да ережелер мен кодекстерге  сүйенеміз.

2-сайыс.  «Білімді мыңды жығар»  (ситуациялық жағдайды шешу) .    Сіздерге конвертпен сұрақтар беріледі , осы сұрақтарға  қандай ережеге байланысты қандай шаралар қолданылатындығы туралы айтып берсеңіздер.

  1. Мереке күндерінде 1 курс студенті  Абзал  түнгі  сағат  23-25 те  түнгі  клубта достарымен көңіл көтеріп жүрген еді. Осы кезде   құқық қорғау органының қызметкерлері баланың құжатын сұрап, ішкі істер бөліміне алып кетті.  Ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің осы іс-әрекеті дұрыс па?

Жауабы:  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бқзушылық Кодексінің 442-бабына сәйкес  Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде  және сағат 22-ден 6-ға дейін  болғаны үшін ата-анасына  үшайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5946тг көлемінде айыппұл салынады.

  1. 15 жастағы Алмат көршінің есігінің алдында түнгі сағат 12-де достарымен әңгімелесіп тұрған еді. Баланың бұл іс-әрекетіне  ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қандай шара қолданған болар еді?

Жауабы:  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бқзушылық Кодексінің 442-бабына сәйкес  Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде  және сағат 22-ден 6-ға дейін  болғаны үшін  ата-анасына ескерту жасалынады.

  1. Баласы мектепке себепсіз  он күннен бері сабаққа бармай қалды. Мектеп әкімшілігі ата-анасына бірнеше рет ескерту жасағанмен, еш нәтиже болмады.  Ата-анаға балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерінің орындалмауы жөнінде не білесіз?

Жауабы:  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бқзушылық Кодексінің 127-бабына сәйкес  Кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының тәрбиелеу мен оқыту  жөніндегі міндеттерді орындамағаны   үшін ата-анасына    жетіайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 13864тг көлемінде айыппұл салынады.

 

  1. Көрші дүкеннен 11 сынып оқушысын әкесі дүкеннен сыра әкелуге жұмсады. Дүкенші бала танитын болғандықтан оған сыраны сатты. Осы тұста әкесінің, баласының, дүкеншінің іс-әрекетіне түсіндірме беріңіз.

Жауабы:  Бұл жерде  әкесінің кәмелетке толмаған баланы алкоголь сусындарына жұмсауы дұрыс емес. Кәмелетке толмаған бала да өз құқығын біліп алкоголь сусынын сатып алуға бармауы керек еді.  Ал, дүкен иесі де көршіні қаншалықты таныса да оған кәмелетке толмағаны үшін алкогль сусынын сатпауы тиіс еді. Дүкен иесіне  Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің   200 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылады.   Алкоголь өнімдерін сату лицензиясының қолдану мерзімі 3 айға тоқтатылып,  22 690 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

  1. 10 сынып оқушысы Азаматтың 2018жылдың ақпан айында кешкі 10-нан кейін беймезгіл жүргеніне, ішкі істер қызметкерлері  ата-анасына ескерту  берген болатын.  Сол жағдай мамыр айында қайталанып, ІІБ қызметкерлері тағы  да бөлімшеге алып кетті.  Баланың бұл іс-әрекетіне  ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қандай шара қолданған болар еді?

Жауабы:  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бқзушылық Кодексінің 442-бабына сәйкес  Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз  түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде  және сағат 22-ден 6-ға дейін  болғаны үшін және бір жылда екінші рет қайталағаны үшін  ата-анасына  бесайлық есептік көрсеткіш мөлшерінде    29730тг көлемінде айыппұл салынады.

 

1-жүргізуші:

3-сайыс.   «Қызықты пирамида»  ойыны

Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен  заңдылықтарға байланысты  еліміздегі азаматтарда қандай жаста қандай  құқыққа ие бола алатындығы туралы осы пирамиданы толтырып беріңіздер. Мысалы,  Қазақстан Республикасы Конституцияның 51-бабында  Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады делінген.

Плакат таратылып тапсырмалар орындалады. Шешімін әділқазылар мүшелері анықтайды.

2 -жүргізуші:  

Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол — мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы. Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамызша айтқанда «көйлегі көктік, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» . Адамдарды сыйлайық, заңды сыйлайық!  Заңды біл және заңмен өмір сүр!
Жүрегіміз кең және мейірімді болайық!
Адам болайық, адал болайық!

Бөлісу: