Австралияның тұрғыны 1173 рет қан тапсырған

Австралияның 74 жасар тұрғыны өмірінде 1173 рет қан тапсырған екен. Қан тобындағы антиденелер анемияның күрделі түрімен ауыратын нәрестелердің аман қалуына көмектеседі. Харрисонның донорлығының арқасында 2 миллионға жуық сәбилерді және олардың аналарын құтқарып қалуға мүмкіндік туған.

1935 жылы дүниеге келген Джеймс Харрисонды «алтын қолды адам» деп атайды. 13 жасқа толғанында оған күрделі операция жасалып, 13 литр қан құйылған. Өзін донор қаны құтқарғанын білген Харрисон сол кезде-ақ өзіне кәмелеттік жасқа толған күннен бастап адамдарға донор боламын деп уәде берген көрінеді. Ол өз уәдесінде тұрып, Гиннес рекордтар кітабына енген. Сондай-ақ ол «Австралия» медалімен марапатталған және жыл адамы атағын ұтып алған.

Ресей трансфузиологиясының негізін қалаушы әлемдегі алғашқы қан құю институтының ұйымдастырушысы 

Ресей трансфузиологиясының негізін қалаушы Александр Богданов қан құю процедурасы адам организмін жасартады және күрделі ауруларды емдеуге үлес қосады деп санаған. 53 жасында ол қан құю процедурасын өзіне жасап көрген. Нәтижесінде ешқандай жанама әсерлер болмаған, тіпті процедурадан соң ол өзін жақсы сезінген. 2 жылдың ішінде Богданов өзіне қанды алмасып құю процедурасын 11 рет жасаған. Резус факторлардың дәл келмей қалуына байланысты 12-сі ол үшін ең соңғысы болды. Александр Богданов Мәскеуде орналасқан әлемдегі алғашқы қан құю институтының ұйымдастырушысы және директоры болған. Ол мекеме қазіргі Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Гематологиялық зерттеулер орталығы. 

Нобель сыйлығының иегері радиотерапия ұғымын қалыптастырушы

Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Пьер Кюри радиацияны зерттеу барысында 10 сағат бойы өз қолын сәулелендірген. Нәтижесінде қолында жара пайда болған. Кюридің зерттеуінің арқасында медицинада жаңа ұғым пайда болды. Ол – радиотерапия.

Кюри жаңбырлы күні жолдан өтіп бара жатып сүрініп кетеді. Сол сәтте жылқылар экипажының астында қалып көз жұмған. Пьера мен оның әйелі Марияның құрметіне Менделеев кестесінің 96-синтезделген транзуран кезеңдік химиялық элементіне – Кюрий атауы берілген. 1897 жылдан бастап Пьер мен Мария радиоактивтілік құбылысын зерттеген. Ерлі-зайыптылар бірлесіп химиялық элементтердің ішінде радий мен полонийді ашқан.  

Ежелгі Римде науқас операция кезінде көз жұмса дәрігердің қолын кесетін болған. Адам денсаулығына пайдалы моншалар да алғаш рет Римде пайда болған. Дәл осы елде біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырда ең алғашқы ежелгі моншалар салынған. «Тәні саудың – жаны сау» нақыл сөзі де Ежелгі Римдіктерден тараған.  

Швед химигі марганец ерітіндісін ойлап тапқан

Швед химигі Карл Вильгельм Шееле 1782 жылы көгерткіш қышқылды ойлап тауып болысымен, дәмін көремін деп қайтыс болған. Себебі сол жылдары зерттеушілер ойлап тапқан затының дәмі туралы жазу керек болған. Зерттеушіні үйлену тойы болатын күні жұмыс үстелінің алдында бірнеше улы заттардың ортасынан тапқан. Ол сол күйі үйленіп үлгермеген. Шееле бірінші болып бүгінде бәріне марганец ерітіндісі ретінде таныс калий перманганатын ойлап тапқан.  

Baribar.kz