Наурыз — түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын еткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес өкіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды.

Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», — деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.

Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған?

Бұл жөнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады.

Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сөзі индо – еуропалық халықтар тараланудан да бұрын пайдаланылған. Ал одан бергі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың көне шежіресінде де Наурыз, Алаш деген сөздер бар. Наурыз неге жыл басы? «Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім – жылдың шартты түрде – үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр – көктем, маусым, шілде, тамыз – жаз, қыркүйек, қазан, қараша – күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Астрономия ғылымында бұл нақтылана түседі. Көктем наурыздың 22–сінен, жаз маусымның 22–сінен, күз қыркүйектің 23–інен, қыс желтоқсанның 23–інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді».

Наурыздың мағынасы

Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

Бұл мейрам басқа халықтарға да тән бе?

Көне мейрам Наурызды әлемнің көп халықтары тойлаған, қазір де тойлайды. Сондықтан да оны халықаралық мейрам деп те атауға болады. Наурыз мейрамын ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мерамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнарыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардугаш», буряттар «сагаян сара», соғдылықтар «наусарсыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп әрқилы атап, тойлаған. Ал енді, Рим республикасында біздің дәуірімізден бұрынғы VIII ғасырдың орта шенінен бастап қолданылған күнтізбеде Жаңа жыл наурыз айынан басталып, қазіргі күнтізбелерінде әлі күнге дейін сақталып отыр. Римдіктер жылдың бірінші айын соғысқа тиым салушы құдай Мартиустың атымен март деп атаған.

Көнедегі Русьте де христиан діні қабылданғанға дейін Жаңа жылды бірінші март күні қарсы алу дәстүрі болған. Бұл күні Русь халқы мынандай әдет – ғұрыптар жасаған:

  • Құт құдайының құрметіне деп шырақтар жа-ғып, оны шие ағаштарына ілген.
  • «Түрлі аурулар мен пәле – жаладан сақтайды» деген ырым, сенім бойынша дастарқан басына жиналған әрбір шаруаның алдына үш бас сарымсақ пен столдың нақ ортасына бетін шөппен жапқан 12 тал пияз қойған. Наурыз күні ертедегі грек патшасы алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісіне бір күн өз орнын берген. Байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан. Осы дәстүрлер жөнінде кейінгі кезде басылым беттерінде жазылып та жүр.

Наурызды кім қалай тойлаған?

Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тә-різді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Нау- рыз мейрамын қалай той-лағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлағанын білеміз. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынандай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:

  1. Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
  2. Жаңа өнген жеті дән- ге қарап болашақты болжа-ған.
  3. Жеті ақ кесемен дәс- түрлі ұлттық көже «сума-лық» ұсынған.
  4. Ескі киімдерін таста-ған.
  5. Ескірген шыны аяқты сындырған.
  6. Бір-біріне гүл сыйлаған.
  7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салған.
  8. Үйлеріндегі тіреу ағаш-қа гүл ілген.
  9. Жамбы ату тәрізді түр- лі жарыстар өткізген.
  10. Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы ті- лектер айтқан, араздаспа-ған. Бұл дәстүрлерге түсінік Мұндағы бірқатар салт-дәстүрлер ежелгі Тәңірлік танымға сәйкес орын ал- ған.

Тәңірлік таным бойынша осындағы кейбір нәрселер төмендегідей таңбаларды танытады:

  1. Садақ – Кеңістіктің, Ана тектің, Судың таңбасы.
  2. Оқ – Уақыттың баламасы ретінде бүкіл Ғаламның, Ата тектің, Ағаштың таңбасы. Ежелгі қазақтардың тілінде Суды да Жай (оқ), Садақты да Жай деп атағаны мәлім. Осы таңбаларға байланысты Оғүз Қаған эпосында былай деп айтылады: «… Осы Ұлуқ Түрүк күндерде бір күн ұйқыда бір Алтын Жай көрді, тағы да Үш Күміс Оқ көрді. Бұл Алтын Жай күн шығар жерден күн батар жерге дейін тиіп тұр еді. Ал Үш Күміс Оқ солтүстікке қарай өтіп кетіп (атылып) бара жатыр еді». Оғүз Қаған эпосының, көне тілдер түсінігінің тарихын зерттеушілердің пайымдауынша, бұл ескерткіштегі (эпостағы) күн шығар жерден күн батар жерге дейін созылған Алтын Жай о баста жер бетін қаптаған Судың, солтүстікке қарай атылып бара жатқан Үш Күміс Оқ о баста Судан жаратылған Жер, Тау және Бәйтеректің яғни, Ғалам өзегінің таңбасы. Олай болса, мейрамда садақ атып жарысу – Ғаламды бейнелеу.

Түркиядағы Наурыз Түркияның сол кездегі премьер – министрі Тансу Чиллер ханымның тікелей араласуымен, 1995 жылы республиканың ресми мей-рамдарының қатарына бай тарихы бар Наурыз мейра-мы да қосылған – ды. Нау- рыз мейрамы туысқан Түр-кияның түкпір – түкпірінде «Сұлтан – й Наурыз», «Нау- рыздың тоғысы», «Наурыз-дағы мұз бұзылысы» және тағы да басқа атаулармен өткізіледі. Оңтүстік Анадолыда (Ға- зиантеп) 22 Наурыз – «Сұл-тан Наурыз» деп аталады. Жергілікті халықтың сенімі бойынша күн теңелетін түні белгісіз уақытта аяғында-ғы білезікті сыңғырлатып, кесте тоқи отырып, ғажап сұлу қыз батыстан шығысқа қарай аспанды кесіп өтеді. Кейбір аңыздарда құс киімін киген жігіт деп те айтылады. Сұлтан Наурыз уақытын көрген адамдардың тілегі қабыл болады деген сенім қалыптасқан.

Шығыс Анадолыда халық күн теңелген түні

Шығыс Анадолыда халық күн теңелген түні Он сегіз мың ғаламның барлық жанды, жансыздары Тәңірге сәжде етеді деп ойлайды. Осы күні табынушылардың бір жылдағы болашағы анық- талады деп сенеді. Сондық-тан да қаріп — қасірлерге, кембағалдарға жәрдем бе- ріледі. 17 наурыз қарсаңын-да жасырылған тас арқылы үйдегі қай адамға бақ қо-натыны анықталады. Қазақ жеріндегі Наурыз Жас Кеңес өкіметі Наурыз мейрамын халыққа қайта тарту еткенімен, ол 1926 жылы «діни мейрам» саналып, күрт тоқтатылды. Содан, ол халқымызға 1988 жылы әзер оралды. Қазақтардың ежелгі наным – сенімі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды.

Қазақтар ұлыстың ұлы күнін жаны – тәні таза қалпында, жаңа киіммен, жақсы тілекпен қарсы алады. Адамдар бір- бірімен жылы жүзде амандасып, Наурыз бата береді, Наурыз көже ішеді, араз- дасып жүрген ағайынды та- туластырып, мүсәпір, мү-гедектерге жәрдем береді, ұлттық ойындар өткізіп, ән – жыр айтады, күй тартады (өнерпаздар), бітелген бұлақтардың көзін ашып, жерге тал отырғызады. Бұ-рындары қазақтар таңата биік төбенің басына шығып, жаңа күнді қарсы алған.

Мейрамды ұлықтағандар Көне заманнан бері Наурыз мейрамы, оның салтдәстүрлері туралы өз еңбектерінде құнды деректерді жазып қалдырғандар, Ұлыстың Ұлы күніне әнжыр арнағандар аз емес. Олардың ішінде Шығыстың данышпандары Махмут Қашқари, Әбу Райхан Бируни, Әбунә-сір Фирдоуси, Әлішер Науай, Омар Һайямнан бастап қазақ халқының ғұламалары Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Сәкен және тағы да басқалар Наурыз мейрамы туралы аса бағалы еңбектер, ғибратты сөздер, жақұт жырлар жазып кетті. Өйткені, Наурыз – Шығыс елі үшін ежелден-ақ ынтымақ – ырыс мейрамы. Бұл күні – араздасу, харамдыққа жол беру – ауыр күнә.

Наурыз мейрамына байланысты атаулар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұ- харрам (тыйым), Самарқанның көк тасы. Наурыз бата Өркенің өссін! Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күнінде:

Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын! Еліңе елеулі, халқыңа қа-лаулы бол! Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын солың-нан! Бақ берсін, Қыдыр дарысын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Наурыз қазаққа қалай қайтарылды?

Наурызды Қазақстанда тойлау тоқтатылғаннан кейін 62 жыл өткенінде Мұхтар Шаханов бұрынғы Қазақ-стан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинге Наурызды халыққа қайтару жөнінде арнайы хат жазды. Және де оған мынандай талап қойды: «У меня есть конкретные предложения. У казахского народа существуют свои традиции, свои праздники. Одним из таких праздников является «Наурыз».

Тағы оқыңыз:

 

Бөлісу: