Петропавл тұрғыны базардан сиырдың тілін сатып алған. Ол үйге келгеннен кейін тілдің ішінен шприц иненің сынығын тауып алды.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ольга Белякова иненің сынығын тауып алғаннан кейін өзінің аузын емдеп, вирусқа қарсы дәрі берген ауруханаға барған. Дәрігерлер әйелдің күдігін растап, ине сынығының шприцтікі екенін айтқан. Егер ине әйелдің ас қорыту жолдарына түсске, өмірін құтқару қиын болар еді.

Мұнан кейін әйел тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығына барған.

Жергілікті мамандар сиырдың тілінің үйде әзірленгенін және ешқандай сертификаты жоқ екенін анықтады.

Ендігі Белякова сотқа шағымдану үшін құжаттар дайындап жатыр.

Бөлісу: