Шымкентте үшемді дүниеге әкелген көпбалалы ана Фозила Досметоваға демеушілер шаһардың орталығынан үш бөлмелі пәтерді жалға алып берді деп жазады NUR.KZ

Тағдыр тауқыметін тартып отырған көпбалалы ана БАҚ өкілдеріне өз жағдайын айтып, қайырымды жандардың көмегін сұраған.

Осы ретте ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев көпбалалы ананың жағдайына бейжай қарамай, жергілікті демеуші азаматтарды жұмылдырып, Досметоваға қамқорлық көрсетті.

Шымкентте үшемді дүниеге әкелген көпбалалы анаға қайырымды жандар үш бөлмелі пәтерді жалға алып берді

Атымтай жомарттардың көмегімен көпбалалы ана қаланың орталық көшесінен, яғни Қонаев даңғылы мен Жандосов көшесінің қиылысынан үш бөлмелі жалдамалы пәтерге орналасты.

Бұған дейін үш құрсақ көтерген көпбалалы ана алты баласымен өз қаражаттарына пәтер жалдап келген.

Бүгінде көпбалалы ана қалада мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұр. Баспана кезегі келгенге дейін енді ол отбасы демеушілер тарапынан берілген осы пәтерде тұратын болады.

Шымкентте үшемді дүниеге әкелген көпбалалы анаға қайырымды жандар үш бөлмелі пәтерді жалға алып берді

Қазіргі уақытта бұл жанұяға Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері де қол ұшын бермек. Үшемнің анасы мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларына берілетін тиісті әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетейік, ақпанның басында Фозилла Досметова Бәкір, Әли, Омар есімді үшемді дүниеге әкелген болатын. Олардан бөлек оның үш перзенті бар. Үлкені Гүзәл 11 сыныпта, кейінгісі Шадиер 10 сыныпта оқиды. Сондай-ақ алты жасар Индира есімді бүлдіршіні бар.

Бөлісу: