Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жанармай бағасын Ресей, Қырғызстан және Өзбекстандағы бағалармен салыстырды.

Энергетика министрі Үкімет отырысында мәлімдегендей, мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты және ЖЖМ тапшылығы байқалмайды. Бұл ретте ол салыстырмаларды келтірді. Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің орташа бөлшек бағасы 154,8 теңге. Қазақстанда дизель отынының бір литрінің бағасы-193,2 теңге. Салыстырып көрсек: Ресей Федерациясында бензиннің бөлшек бағасы — 230,5 теңге, Өзбекстанда — 273 теңге, Қырғызстанда — бір литрі 234 теңге. Дизель отынының бағасы Ресей Федерациясында — 246,5 теңге, Қырғызстанда — 250,8 теңге, Өзбекстанда — 208 теңге. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша елдің мұнай базаларындағы ЖЖМ қалдықтарының саны ішкі нарықтың қажеттілігін жабу үшін жеткілікті: АИ-92 бензинінің қоры — 267,5 мың тонна, дизель отынының қоры — 143,2 мың тонна.

Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев Қазақстанда отын бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында, дизель отыны тапшылығының пайда болу қаупін төмендету үшін ЕАЭО нормаларына қайшы келмейтін қолданыстағы заңнама негізінде дизель отынын Қазақстаннан тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салу бойынша шаралар қарастырылатынын атап өтті.

 

Бөлісу: