23 ақпан - Отан қорғаушылар күні
yerlan_auelbekov

23 ақпан — Отан қорғаушылар күні. Кеңес дәуірі кезінде тойланған бұл мейрамды бүгінде біздің елде тойлайтындар бірен-сараң. Мейрам бастапқыда «Кеңес әскері және теңіз флоты әскерлері» деп аталатын. 8 наурызға балама мейрам ретінде пайда болды деген пікір бар.

Бірақ бұл мейрамның нақты қай уақытта келгенін бірде-бір тарихшы дәл айта алмайды. Шешімін жорамалдап табуға тырысқанымен, бұл бізге кеңес үкіметі дәуірінен келген бір жұмбақ болып отыр.

Ең жақын теориялардың бірі Владимир Ильич Лениннің 15 қаңтарда «Кеңес үкіметі әскерін құру» декретімен сәйкестендіріледі. Бірақ бұл декрет әрең дегенде 21 ақпанда іске аса бастайды.

Ең атақты нұсқасы

Ең атақты нұсқасы — кеңес үкіметі әскерінің неміс әскеріне қарсы Псков қаласын қорғап қалуы. Тылсым оқиғаларға толы қанды шайқасты зейін салып қарастырар болсақ, бұл да шындыққа сәйкес келмейді. Себебі Псков қаласын сол неміс әскерлері басып алмады ма?

1922 жылы 23 ақпанда халық комиссары Троцкийдің үкімімен соғыс аяқталғандықтан, ел арасында осы күні қуанышты той болған. Троцкий жай ғана той ұйымдастырып қойғысы келген жоқ, бұл күнді Лениннің Кеңес әскерінің құрылу күні декретіне сәйкестендіргісі келді. Кейбіреулер мейрамның бастауы осы күн деп біледі.

Кеңес үкіметі идеологтары бұл күн жайлы нақты ақпарат беруге тырысты. Нәтижесінде әскерлер мейрамы біраз өзгеріске ұшырап, Лениннің қол қойған декретімен емес, әскерге мобилизациялаудың басталуымен түсіндірілді.

Тарихы

Мейрамның келесі даму тарихы 1946 жылы «Қызыл армия әскері» күнінің «Кеңес үкіметі және теңіз флоты әскерлері» күніне өзгертілуіне байланысты. Осылайша мереке дами түсіп, әйелдер жігіттерге сыйлықтар ұсынған.

Бәрін айт та бірін айт, мейрам тарихына қанша үңілсек те қатпарлы тарихтың астарында не жатқаны бізге әзірге беймәлім. Сондықтан әйел қауымына кеңесіміз — жігіттерге арналған бұл күнді тойлағыңыз келген болса, онда сыйлыққа не берсем деп біраз уақыт ойланып, ойыңызды іске асырсаңыз жеткілікті балады. Кіршіксіз көңіл барлық ақшадан қымбат, сондықтан мейрам кешінде үйіңізде мейрам дастарханын жайып, досыңыз не сүйіктіңіздің көңілін кешкі аспен тапсаңыз жетіп жатыр.

23 ақпан — Отан қорғаушылар күні 23 ақпан

Бөлісу: