Көшеде халықтан қайыр сұрап тұрған қайыршының қалтасынан көп мөлшердегі ақша табылды. Ол  беруден бас тартқан адамдарға мінез көрсетіп қорқыта бастаған.

Бұл туралы The Times жазды.

Оны Швециядағы Уппсала қаласының полицейлері ұстап алған.

«Жолға жетпей тұр» деген сыңайда көшедегі халықтан қайыр сұраған оның «тіленшілік әдісі» күдік тудырған.

Полицияның айтуынша, ұсталған күдіктіні тінту барысында оның денесіндегі киімдерден 750 мың  доллар ақша табылған.

Ол қала тұрғындарынан ақша бопсалады деген айыппен қамауға алынды.

Бөлісу: