Халықаралық кітап сыйлау күні
yerlan_auelbekov

14 ақпан қандай күн?

14 ақпан барлық кітапқұмарлар үшін маңызды күн болды, себебі бұл күн 2012 жылдан бастап – Халықаралық кітап сыйлау күні.

Бұл мейрам әлемдегі ең жас мейрамдардың бірі, осыған қарамастан ол барлық оқырмандар мен кітап сыйлауды ұнататын адамдарды біріктіріп үлгерді.

Америкалық Эмма Бродмур ұлы неге адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын мейрам жоқ дегеннен кейін, осы мейрамды ойлап тапқан екен. Әрқайсымыз бір-бірімізге кітап сыйласақ қандай жақсы болар еді, кітаптың жаңа болуы міндетті емес. Себебі біз осылай әлемді кітап оқуға шақыртамыз!

Бұл идея АҚШ-тың Миннесота штатындағы мектеп кітапханашысы, әрі кітап блогері Эми Бродмурдың бастамасымен жүзеге асқан. Кітап сыйлау күні алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Азғана уақытта бұл мерекенің аумағы кеңіп бүгінде 30-дан астам елде, соның ішінде Қазақстанда да атап өтілуде.

Ақмола облысының әмбебаб-ғылыми кітапханасы бұл күнді акциямен қолдайды. Бүгін ғана – 14 ақпанда М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК әрбір жазылған адамға кітап сыйлайды! Бұл мерекені барлығымыз қолдап, кітап оқитындардың қатарын толтырайық!

Ал сіз Халықаралық кітап сыйлау күні кімге, қандай кітап сыйлайсыз?

14 ақпан тізіміне ұқсас мақалалар:

Бөлісу: