Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан.
Димаш Құдайберген. Фото: Әншінің Instagram парақшасынан.

Димаштың айтуынша, Испанияда түсіріліп жатқан клиптің жанры фантазиялық бағытта екен.

«Құрметті, тыңдармандарым! Сіздерге «Любовь уставшей лебеди» клипінің түсірілімнен бірнеше сурет көрсетпекпін. Бұл видеоның директоры Алан Бодаев. Айта кетейік, клипім фантазиялық бағытта түсірілмек. «Валентин күні» құтты болсын!», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің жаңа ісіне сәттілік тілеп, өздерінің клипті асыға күтетіндерін жеткізді.

«Құттықтаймыз», «Клипті асыға күтеміз», «Өте ерекше», «Клипіңіздің түсірілгелі жатқанын естігенмін. Бірақ суреттерді көргеннен кейін, клипті асыға күтетін боламын».

«Сізді де Валентин күнімен құттықтаймыз», «Жарайсың, Димаш! Қай істі бастасаң да, жолың ақ болсын», «Димаш, енді клипті тезірек шығарыңыз» деп жарыса жазды желідегілер.

Бөлісу: