Дастарханға бата — ас қайыру

Дастарханға бата — ас қайыру. Бұл бата дастархан жайылып ауызға асты алмас бұрын және тамақтанып болғаннан кейін беріледі. Халқымыз әр кез тамақ ішкен сайын «Асқа адалдық, денге саулық» деп тілек тілеп отыруды өздерінің адамдық парызы деп білген. Дастархан батасы, асқа бата

Асты «Бісміллә!» деп бастайтын қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайыратын әдетінен әлі күнге дейін жаңылған жоқ. Мұны ас қайыру деп атаймыз. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлеңмен де, тақпақтап та жеткізуге болады.

Мысалы:

Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа!
Сенен байлық өтпесін,
Тәңірі берген берекең
Тепкілесе кетпесін.
Желіңнің екі шетіне,
Тай шаптырса жетпесін!
Дастарханға бата


Дастарханың бай болсын.
Қазан-ошағың май болсын.
Төрт түлігің сай болсын.
Көңілің толып жай болсын.
Ұлың қонып қияға,
Қызың қонып қияға,
Келінің бибі атанып,
Ұлың болсын би аға.
Бергеннен Алла танбасын,
Көбейе берсін мал басың,
Өсе берсін жан басың,
Арманың көкке самғасын.
Досыңнан көңілің қалмасын,
Жағаңнан дұшпан алмасын,
Жолың болып жортқанда,
Жолыңды Қызыр жалғасын.
Дастарханға бата


Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Дастарханға бата


Берейін бата асыңа,
Амандық берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа,
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа.
Көре алмаған дұшпанның,
Жуа бітсін жолына.
Бақытың жетсін төтелеп,
Дүние малды жетелеп,
Аузыма түскен батаның
Жатырмын бәрін түгендеп!
Көтердік міне білекті,
Ақтардым түгел тілекті,
Мынау тұрған балаңыз,
Батыр болсын жүректі.
Дастарханға бата

Ұқсас мақалалар:

Ілмек сөздер: Дастархан батасы — ас қайыру, бата беру, бата түрлері, Дастархан батасы, ас батасы, бата беру қазақша бата тілектер, бата беру түрлері, бата жаттау, бата беру жинагы казкша, бата тілек, дастаркан батасы, дастарқан батасы, баталар, асқа бата, асқа арналған бата, дастарханға арналған бата, Дастархан батасы, асқа бата, ас қайыру, ас қайыру, дастарханға бата