Күні кеше қоғамда екіжақты пікір қалыптастырған “әулие Валентин” күні аталып өтті. Отандық жұлдыздар осынау атаулы күні “махаббат деген не?” деген сауалға жауап берді.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.

“Махаббат деген – гормондар. Ол адамның миынан бөлінетін белгілі бір гормондар”, – дейді Айқын.
Айқынның іс-әрекеттерін не басқаратыны түсінікті болды. Онымен салыстырғанда жұбайы Жұлдыздың ойы тым бөлек.

“Махаббат деген – күйеуі әйелінің кез келген тамағын 100%-ға бағалау. Өйткені кейде дұрыс болмай жатады”, – дейді ол.
Ал Дастан Оразбековтің пікірінше, махаббат деген бірінші кезекте қолдау.

“Маған екеуміздің махаббатымыз, күлімдегеніміз ұнайды. Ол мені үнемі қолдайды. Меніңше, махаббатта маңыздысы осы”, – дейді Дастан.

Ал Дәурен Айдарқұлов: “Махаббат деген – түсіністік”, – деп қысқа қайырды.