«Қоғамдық көлікті жаңарту үшін биыл отандық 1000 автобус сатып алатын боламыз. Оның 300-ін маусым айында күтеміз, қалғаны жыл соңына дейін келетін болады. Жоспардағы автобустар толығымен келген соң қоғамдық көлік саласындағы мәселе шешілетін болады. Жаздан бастап біз электронды билетке көшеміз. Сол кезде мен сенемін азаматтар оң бағасын беріп, қоғамдық көлікпен өте ыңғайлы, рахаттанып жүретін болады», — деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Шымкент әкімінің айтуынша, қаладағы қоғамдық көліктердің электронды билетке көшуі біріншіден, көлік компанияларының жұмысын реттеуге көмектессе, екіншіден, автобус графиктерінің сақталуына жағдай жасауға мүмкіндік бермек.

Бөлісу: