Ақбота Керімбекованың отбасында үлкен қуаныш. Әнші тұңғыш ұлын үйлендіріп, ене атанды. Қолы ұзарған Керімбекова бұл қуанышты жаңалығын Instagram-да бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz.
“Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Келінді болып, отбасымыз қуанышқа толып жатыр… Ұл-қыздарымыз бақытты болсын деп тілеймін. Сіздерге жұғысты болсын. Бүгінгі құдалық керемет өтуде”, – деп жазды Керімбекова сырға салу рәсімінен видео жариялап.
Отау құрған Ақботаның өз ұлы ма? Желі қолданушыларының Керімбековаға жолдаған алғашқы сауалы осы. Әнші тұңғыш ұлын үйлендіргенін растады.
Ал осыдан 1,5 жыл бұрын үшінші мәрте шаңырақ көтерген Керімбекованың өзі көп ұзамай ажырасып кеткен болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Источник: Stan.kz