Аяғы ауыр жігіт табиғи жолмен қызды болды

34 жастағы Томас Бити босанған әке атанды. Бұл адамзат тарихында бірінші рет кездескен жағдай деп хабарлайды alashakparat.kz сайты People журналына сілтеме жасап.

Әлемдегі алғашқы аяғы ауыр еркек атанған Томас Бити қызды болды. Баланың денсаулығы да, әкесінің немесе анасының да денсаулығы шын мәнінде де бір қалыпты деп жазады People журналы.

Әзірше баланың есімі белгісіз. Бұл Томастың бірінші баласы. Дәрігерлер аяғы ауыр жігітке баланы кесарево арқылы алуды ұсынған, алайда сәби өмірге табиғи жолмен келген. Томас баланы өз күшімен өмірге әкелген.

34 жастағы Томас Бити өмірге қыз болып келген. Оның есімін Трейси Лэгондино деп атаған. Трейси өте әдемі болып фотомодель болып жұмыс атқарды. Miss Hawaii Teen USA конкурсына қатысып жеңімпаз да атанған. Бірде Трейси өмірін күрт өзгертіп ер адам болуды шешті. Сол күннен бастап сырт келбетімен қоса жан дүниесін де соған бейімдеді. Арнайы дәрілер қабылдап дауысын да өзгерткен.

Бөлісу: