Алматыда орын алған жол апаты үлкен кептеліс тудырды (фото, видео)

Алматыда көлік көп жүретін тас жолдардың бірінде апатты жағдай орын алып, барша көлік қозғалысын тоқтатып тастады деп жазады Sputnik Казахстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жол апаты Саин көшесінің бойында орын алған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде үш көлік соғылып, жүргізушілердің бірі зардап шекті.

Куәгерлердің айтуынша, BMW маркалы көлігі солтүстік бағытта келе жатып, Toyota көлігін қағып кетті..

Нәтижесінде, BMW жолды бөліп тұратын темір құрылғыға соғылып, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетеді. Содан соң, ол Audi A6 көлігіне соғылады..

Жол апатында ең қатты BMW көлігі қазымданған. Көліктер алдынғы жағымен соғысқан үшін екі темір тұлпар да екі жаққа ұшырып кеткен.

Айта кетерлігі, жарақаттанған жүргізушіні алып шығу үшін көліктің есігін бұзуға тура келген.

Зардап шеккен адам аса ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Фото: Sputnik Қазақстан