Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үй өртенді (видео)
Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үй өртенді

Бүгін Алматы қаласындағы тоғыз қабатты үйлердің бірі өртке оранды. Өрт 16 ақпанда сағат 13: 38-де тұтанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шоқан Алхабаев есімді желі қолданушысының өрт сөндірушілердің тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп жатқан сәтінде түсірген видеосы инстаграмдағы vsejk парақшасында жарияланды.

Ондағы хабарламаға сүйенсек, Гоголь көшесіндегі 9 қабатты ғимараттың екінші қабатындағы балкон өртенген.

Бірінші өрт сөндіру бригадасы 6 минуттан кейін, сағат 13.44-те келіп жеткен. Балкондағы шаруашылық заттар өртеніп, соның салдарынан қызыл жалын пәтерге кірген. Өрт сөндіру бригадасы тұрғын үйдегі 50 адамды, оның ішінде 8 баланы қауіпсіз жерге көшірді.

Пәтерді жалмаған өрт 14: 01-де толығынмен сөндірілді. Өрт аумағы 25 шаршы метрді қамтыған. Абырой болғанда тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Stan.kz

Бөлісу: