Досқа арналған тілек
yerlan_auelbekov

Досқа арналған тілек

Досыңыздың туған күні ме? Біз сізге достарға арналған тілектерді ұсынамыз. Досыңызды өлең жолдарымен де, қара сөзбен де құттықтаңыз! Досқа арналған тілек. Досыма тілек

Досымды өлең жолдарымен құттықтау:

Досым бар,
Жоқ ешкімнің таласы да,
Көңілінің жоқ бүкпесі,
Аласы да.
Ақылы,
Арман-ойы,
Парасаты
Қазақтың жарасып тұр даласына.
Ұқтырып жүрегінің дарқандығын.
Уақыттың ауырсынбай тартар жүгін.
Аңқылдап жаны сүйген адамдарға
Жасырмай айтар шынын,
Айтар мұңын.
Келеді ол өрлеумен шың-асуды,
Қимылы,
Мінезі де ұнасымды.
Өз өрнек,
Өзге бояу,
Өрлігі бар,
Мен оған теңгермеймін мың асылды.
Кеудемнен сонша нәзік гүл ашылды,
Үлбірек сағағына күн асылды.
Күн, Гүл де,
Бәрі-дағы бір сол үшін,
Тағдырым талдырмасын құлашымды!


Бұл өмір жатпас мәңгі арнасында,
Қиялым қиырлармен жалғасуда.
Ойлардан мен де кейде ауырлаймын
Бұлттардай түнеп қалған тау басында.
Кең дала дүбірінен серпілемін,
Еңсемді биіктетер сен тірегім.
Күмбірлеп шуақ-көктем ән салғанда,
Күйіне домбыраны келтіремін.
Қалайша,
Көңіл құсы-ау,
Еркін едің,
Қаншама жұпар иіске елтімедім!
Ақынның бақыттысы мен болармын,
Тірлікте ақтай алсам ел тілегін.
Мен-дағы талай сырды түйіп белге,
Келемін қанат қағып биіктерге.
Сүземін сыр тұнығын жүрегімнен,
Сыйым сол ұсынатын сүйікті елге.
Таусам ба өткен күннің санап бәрін,
Сәт сапар,
Сансыз ойды сабақтадың.
Бергісіз жылыңа да жылы еді ғой,
Шуағын төккен кейбір сағаттарым…
Астасып арман-үміт жатыр көптен,
Көктеммен кеткендеймін жақын боп
Тасытып шабыт селін шалқытады,
Кеудемде аласұрған ақын-көктем!


Досқа арналған тілек

Зор махаббат тілейінші мен саған,
Қазір бәрі жалғыздықтан шаршаған.
Көңіл көктем достық суың іздеген,
Ал адамдар ,шын достықтыаңсаған.

Достым,саған бақ тілеуден шаршаман,
Сенің іңкәр тілегіңе тамсанам,
Өмір — қысқа,сол қысқаны көркейтер
Сенсің — достым,сенсің — құрбым,барша адам!


Досқа тілек жақсы гой
Дос дегенін асыл гой
Досым дедкен озіне
Кулкі тілейм жүзіне
Айта берсем тілек мол
Алдыңы тек ақ жол
Тілегім шексіз дос десе
Бір тілегім достығымыз ошпесе
Сонау бақыт жерінде
Қол жеткізбес өзгеге
Бар екен бір биік тау
Шыңын жапқан аппақ қар
Боктерінде ну орман
Нарін алған бұлақтан
Сол орманның маңында
Сырқырап аққан өзен бар
Мөлдір суын татқандар
Жүзін көрер шуақтан
Шыңындай таудың белесті
Бағындырып журсең екен әр істі
Шыңындағы аппақ қардай көңілің
Мұздамасын, шаттықтан ақ жүрегің
Нәрлеген сол,ну орманы секілді
Болса деймін досың адал коп ізгі
Сырқырап аққан өзеніндей өмірің
Бола берсін ұзағынан ғұмырың
Мөлдір суын татып жүріп өмірдің
Бақытты бол мәнгі досым бір өзің.


Өмір саған жылы сезім арнасын
Қайғы мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әр қашан
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Тағы қандай айтам тілек
Тілейтінім жақсылық
Жақсы адамнан дос тілеймін
Жақсылардың жанын ұқ
Тілер едім ұлы сезім
Іздеп келді өзі де
Бол бақытты достым менің
Бақыт кілті өзіңде!


Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, …, туғанкүнің!

Бақытты отбасының кеш ғұмырын,
Өмір өзі жазады отты жырын.
… дәм-тұзың құп жарасып,
Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.


СЫНЫПТАС ДОСЫМНЫҢ 70 ЖАСҚА ТОЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік,
От та жақтық, су да әкелдік, нан көмдік.
Мына өмірге көнтерідей көндігіп,
Келе-келе, бара-бара әлдендік.

Қарынымыз қампимай-ақ қойды асқа,
Күнкөрістен болған да емес ой басқа.
Қос кемпірге ере жүріп ербиіп,
Еңбек етіп, тер төктік біз қанша!

Еске алатын сәттер рас, көп бүгін,
Борандатқан, дауылдатқан өтті күн.
Жетпіс келіп жайғасқанмен желкеге,
Әлі бізге баяғыша жоқ тыным.

Жаса, Жәкем!
Мәуеледің, гүлдедің,
Өзіңменен өле-өлгенше бір демім.
Маған қуат берері хақ қашанда,
Сенің шалқып есен-аман жүргенің.

Тағдыр бізден алудай-ақ алды өшін,
Асың – асқа, басың – аман, жан досым.
Жетпісіңмен жолдасыңдай жымдасып,
Сексеннің де басыңа ора сәлдесін.

Көп алысқан қатарластың бірі едім,
Саған деген сарқылмайды тілегім.
Жан-жарыңмен, балдарыңмен жарқылдап,
Жүзге дейін соға берсін жүрегің.


ДОСЫМНЫҢ 50 ЖАСЫНА

Елуге толған досыма
Ұялаған көңіліңнің төріне күн,
Әр сөзі әзілменен өрілетін.
Досымның аңқылдаған, жарқылдаған,
Жүрегі аузын ашса көрінетін.

Шағың бұл күй боп шалқып төгілетін,
Еңсең тік,
Есен жеттің елуге еркін.
Ағайын дос-жараның мәре-сәре,
Қырансың орындаған ердің сертін.

Мейірім шуақ таптым бір өзіңнен,
Ізгілік шамын жақтың жүрегіңмен.
Бойыңа асыл қасиет ағыл-тегіл,
Өзіңе зор денсаулық тіледім мен!


Қыз қияда, ұл ұяда жарасқан,
Аудан біліп, аймақ сыйлап санасқан.
Аңсап күткен туған күнің тойлансын,
Алла жар боп, ашық болсын көк аспан!

Бір сыныпта бірге оқыған құрдасым,
Бала досым —  бауыр етім, сырласым.
Шыңғожада жақсы оқыдың, үлгілі,
Еңбегің зор – елге сыйлы бір басың.


Тағы оқыңыз:

Бөлісу: