МАТЧ КЕЗІНДЕ ҚАЙТЫС БОЛҒАН ФУТБОЛШЫЛАР

Футбол матчы жанкүйерлердің есінде түрлі оқиғалармен сақталуы мүмкін. Голдар, финттер немесе… футболшылардың өлімі. Футболды ережесіз жекпе-жек, тіпті болмаса, хоккей секілді қауіпті спорт деп айта алмаймыз. Бірақ соның өзінде футболшылар матч кезінде жан тапсырып жатады. Көбіне ауыр жатттығулардың кесірінен олардың жүректері шыдамай қалады.

Тарихты қарар болсақ, футболшылардың алаңда жан тапсырған сәті көптеп болған. Бірі допқа талас кезінде ауыр жарақат алса, екіншісі пневмониядан немесе жүрек ұстамасынан жан тапсырған екен. Бүгін ойын кезінде дүниеден өткен кей футболшыларға тоқталып өтпекпіз

1. Патриг Экенг

Бухаресттік «Динамоның» жартылай қорғаушысы Патрик Экенг үшін Румыния чемпионатындағы «Вииторулға» қарсы ойын өміріндегі соңғы кездесу болды. 26 жастағы футболшы матчтың 63-минутында алаңға шыққан. Алты минуттан соң Экенг есінен танып, жерге құлап түсті. Камерундық футболшыны ауруханаға алып барғанымен, ол көп ұзамай көз жұмды. Патриктің өмірі үшін он дәрігер алпарысқан.

2. Марк-Вивьен Фое

2003 жылы Конфедерция кубогының жартылай финалында Камерун мен Колумбия құрамалары күш сынасқан. Африкалық команданың капитаны ойын кезінде көгалға құлап түсті. Футболшының жүрегі тоқтап қалған екен. (Видеода 4:43 секундтан бастап)

3. Миклош Фехер

2004 жылы 26 қаңтарда Португалия чемпионатындағы «Гимарайнш» пен «Бенфика» матчында қонақтардың венгриялық ойыншысы Миклош Фехер екінші таймда алаңға шықты. Төрешіден сары қағаз алған ол күлімдеп бірнеше қадам жасады да, құлап қалды. Оған командаластары, қарсыластары мен дәрігерлер алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ Фехерді құтқара алмады.

4. Антонио Пуерта

2007 жылдың 27-ші тамызы. Бұл күн испан футболының тарихында қара түспен жазылған болар. Примераның алғашқы турында «Севильяның» жас қорғаушысы Антонио Пуэрта жерге отыра қалды да, кейін ес-түссіз құлады. Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсетіп, Антонио орнынан тұра алған еді. Алайда киім ауыстыратын бөлмеде жүрек ұстамасы болып, үш күннен кейін ауруханада көз жұмды.

5. Пьермарио Морозини

2012 жылдың сәуірінде «Ливорноның» жартылай қорғаушысы Пьермарио Морозини ес-түссіз құлап қалды. Италиялық Б Сериясының 35-турында «Паскараға» қарсы матч өтіп жатқан еді. Футболшы ойынның басталғанына жарты сағат өткен соң құлап қалды. Морозиниді бірден ауруханаға алып кеткен, алайда ол жаққа жеткенше футболшы қайтыс болды.

Бөлісу: