Путин олимпиада чемпионынан

Путин дзюдодан олимпиада чемпионы Беслан Мудрановпен спаринг кезінде жарақат алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі сайтының дерегін негізге алып. 

Ресейдің президенті Сочидегі «Юг-спорт» атты спорт кешеніне барған. Өзі уәде еткендей, ол ресейлік спортшыларға бір сағаттық жаттығу өткізді. Ол денені қыздыру кезінде спортшыларға өзі білетін түрлі әдіс-тәсілдерді үйретеді. Бірақ Беслан Мудрановпен бірге жаттығып жатқан сәтте саусағын жарақаттап алады.

Ресми деректерге сүйенсек, Путиннің жарақаты аса ауыр емес. Кейін президент спаринг жаттығуды жалғастырған. Жаттығудың соңында әрбір спортшымен жеке-жеке суретке түсіпті.

Путиннің дзюдомен айналысқан сәтте өзін бақытты сезінетінін айтқан.

Айта кетсек, Владимир Путин 11 жасынан спортпен айналысады. Сондай-ақ дзюдо мен самбодан спорт шебері атағын иеленген.

«Қамшы» сілтейді

Бөлісу: