Қытайлық тележүргізуші адам емес екен (видео)

Жасанды интеллекттің ( әрі қарай –AI) тележүргізуші ретіндегі тұсауы Қытайдың шығысындағы Чжэцзян аймағында кесілді деп хабарлайды xinhuanet.com. 8 қараша күні Чжэцзянда өтіп жатқан бесінші дүниежүзілік интернет-конференцияда AI жаңалық оқып, өзінің мүмкіндігін паш етті.

AI-ды қарапайым ер азаматпен шатастыру оңай. Қимыл-әрекетінде де жасандылық жоқ. Тікелей эфирдегі видеоларды көріп отырып, мәтін құрастырып, кәдімгі жүргізуші құсап тілшілік қызмет атқара алады.

Оны ойлап тапқан Синьхуа ақпарат агенттігі мен іздеу жүйесіндегі Sogou.com қытайлық компаниясы.

Бұл сырбаз «жігітті» дүниеге әкелген Синьхуаның айтуынша, ұжымның бір мүшесіне айналған ол 24 сағат бойы үздіксіз сайтта және басқа да әлеуметтік медиа платформаларда тынбай жұмыс жасай алады. «Сол арқылы жаңалықтардың өзіндік бағасы кеміп, өнімділік артады» дейді синьхуалықтар.

«Қамшы» сілтейді