Айқын мен Жұлдыз әлі де ел аузында. Жұлдызды отбасы балалармен ара-қатынасы, бала тәрбиесіне қатысты ойын айтты.

Бұл туралы “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Айқын бірінші некеден туған балаларының Жұлдызбен араласатынын айтты. Олардан ешнәрсені жасырмайтынын, бәрін ашық айтатынын жеткізді.

“Қазір бәрі ашық. Біз туралы ақпаратты ғалғамтордан оқып ала алады. Ұлдарым да желіден бәрін көріп жүр. Мен де ештене жасырмаймын. Баланы кішкентайынан солай тәрбиелеу керек. Қорғаштап, өсірсе, өмірде де қорғауыңа зәру болып өседі. Бала күнінен кез келген қиындыққа, сынаққа төтеп берсе, өскенде бәрін оңай жеңе алады”, – дейді Айқын.

Ал, Жұлдыз Айқынның бірінші некеден туған балаларын жақсы танитынын айтты.

“Үлкен ұлы өте тез тілтабысқыш. Қалыңды сұрап, небір әңгімелерді айтады. Мені таниды. Ал, қызы әлі кішкентай. Есін біле қоймайтын шығар”, – дейді Жұлдыз.

Айқын жақында 37 жасқа толған туған күнін тойлады. Өнердегі жолдастары бас қосып, кештің сәнін келтірді. Луина, Ерке, Дастан Оразбеков би билеп, елдің көңілін көтерді.

Источник: Stan.kz

Бөлісу: