Сирияға бір тәуліктің ішінде мыңнан аса босқын оралды

Сирияға бір тәуліктің ішінде Ливан мен Иорданиядан 1 300 босқын оралды. «Джейдет-Ябус» пен «Телль-Калах» өткізу бекеттері арқылы 297 адам, олардың 89-ы әйелдер болса, 152-сі – балалар. Ал «Насиб» өткізу бекеті арқылы Иорданиядан бір мыңнан астам босқын оралды. Олардың 304-і нәзік жандылар болса, 500-ден астамы – балалар. Осыған орай Сирияның бірқатар аймағында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, тұрғындарға азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Ал ел ішінде қаңғып жүрген 40 сириялық өздерінің тұрғылықты мекенжайларына қайта келді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 2,5 гектар жер минадан тазартылды. Нәтижесінде 29 жарылғыш зат табылып, көзі құртылды.

Источник: 24.kz

Бөлісу: