Жанбота Алдабергенова Мәскеудегі әлем кубогында алғашқы ондыққа енді

Мәскеуде шаңғы акробатикасынан әлем кубогі кезеңі аяқталып, Жанбота Алдабергенова үздік ондыққа енді деп хабарлайды Olympic.kz.  Тәжірибелі қазақстандық спортшы 66.78 ұпай жинап, қорытынды есепте тоғызыншы орынға табан тіреді. Ол сегізінші орын иеленген америкалық Эшли Колдвелмен бірдей ұпай жинағанын айта кету керек.  Тағы бір қазақстандық спортшы Ақмаржан Қалмұрзаева 51.03 ұпаймен 11-ші орынға тұрақтады.  Мәскеудегі әлем кубогі кезеңінде белоруссиялық Александра Романовская топ жарды. Ол жақында Парк-Ситиде өткен әлем чемпионатында да көш бастаған еді. Екінші орында австралиялық Лаура Пил, үшінші орында қытайлық Менгтао Ксю. Ерлер арасындағы бәсекеде Бағлан Іңкәрбек 27-ші орыннан көрінді.

Источник: 24.kz

Бөлісу: