Ақтау қаласында жекеменшік балабақша тәрбиешісі Асыл Өтепованы ұрды деп айыпталған мекеме басшысы Гүлжанат Мұратбай оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ата-аналардың және тәрбиешінің сөзінше, жанжал әйел адам балаларға берілетін тамақ мөлшерін видеоға түсіргеннен кейін туындаған. Мұны білген мекеме басшысы қызметкерін самайынан саптыаяқпен ұрған.

Асыл Өтепова аурухағана түскен.

Бұл айыптауларға қатысты балабақша басшысы Гүлжанат Мұратбай жауап берді. Оның сөзінше, ол қызметкерін соққыға жықпаған, ал видео жалған.

Директордың айтуынша, оны балабақшаға қызметкерлер арасында жанжал туындағаннан кейін шақыртқан. Ол келген кезде жәбірленуші мен аспаз ұрысып жатқан. Аспаз егде жаста және есту құрылғысын қолданады екен.

Мұратбайдың сөзінше, ол мән-жайды анықтамақ болған.

«Тәрбиеші шашыма жармасты, мен де жауап бердім. Бізді айырып алды, мен қашып кеттім. Оған ештеңе лақтырған емеспін. Мұны кім істегенін білмеймін. Қайтып келгенімде басы қан болды», — деді жекеменшік балабақшаның басшысы.

Оқиғаның мән-жайын тергеушілер анықтайды. Екі әйел де құқық қорғау органдарына арызданған.

Ақпаратты пайдалану және көшіру «Время баспасы» ЖШС рұқсатымен жүзеге асырылады

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде басы жараланған тәрбиешінің видеосы тараған болатын. Видеода оқиға Ақтаудағы жекеменшік балабақшада болғаны айтылған.

Қазір балабақшаға барған балалардың ата-анасы моральды өтемақы талап етуде.

Бөлісу: