Қарақат Әбілдина төрт ұлдан кейін өмірге әкелген қызының тәтті қылықтарын көрсетіп, желедегілерді сүйсіндірді. Боянып-сыланған 2 жасар Аяла желі “жұлдызына” айналды, деп жазады Stan.kz.

Иә, Қарақат бұл күнді армандағалы қашан?! Әбілдина сәті түскен сайын өзінің әшекейлері мен бояуларын қызымен бөліскісі келетінін айтатын. Бүгінде Қарақаттың арманы орындалып келеді. Әлі 2 жасқа да толып үлгермеген Аяла анасының бар бояуына “көз салған” көрінеді.

Әлеуметтік желіде пайда болған мына видео 100 мыңға жуық “лайк” жинаған. 5000-нан аса оқырман Аяланың қылығына үнсіз қарап отыра алмай, жылы лебіздерін білдірген.

“Құдай бере салған сұлу қызым сол. Не деген ақылды десеңізші. Қылығы бір бөлек. Қызы бардың назы бар деген осы ғой. Боянуды қайдан біледі десеңші. Жаным сол аман болсын, Алла тіл көзден сақтасын. Қыз деген жақсы ғой”, – деп жазды оқырмандардың бірі.

“Ханшайым болып отыр ғой. Қалай күшті, өзіне шап-шағын, айнасы кетіп қалса жабыла салады, орындығына отырса ашылады. Тамаша ойыншық”, – дейді екіншісі.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz