Геннадий Головкин WBO дәрежесі бойынша әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін. Отандық спортшы Деметриус Эндрейдке қарсы шығатын спортшылардың тізімінде көш бастап тұр деп жазады Sports.kz сайтына сілтеем жасаған NUR.KZ.

Головкиннің Эндрейдпен жұдырықтасуы мүмкін екені әлемдік бокс ұйымының шығарған жаңа рейтингісіне тікелей байланысты.

Бұған дейін қазақстандық боксшы орта салмақ тізімінде екінші болған. Алайда, енді Головкин көш бастап, бірінші орынға шығып кетті.

Оған бұл орынға ие болған әлемнің бұрынғы экс-чемпионы Билли Джо Сондерстің екінші орта салмақ дәрежесіне ауыстырылғаны себеп болды.

Осылайша, отандық спортшы WBO бойынша әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін бірден-бір қарсылас саналды.

Бөлісу: