Ұлыбританияда дәрігер өз пациенттеріне үлгі беру үшін 82 келіге арықтады.

Ноттингем қаласында тұратын Майлз Брайерс жедел жәрдем қызметінде жұмыс істеп жүрген кезінде артық салмағы үшін жиі демігіп қалатынын айтып шағымданған. Салмағы 158 келі болатын ер адам пациенттерін қарап жатқан уақытта үнемі терлеп, өзін жайсыз сезініпті, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Ол үнемі пицца, бургер және шоколад батондарын жеп, қуат беретін сусындар ішкен екен.

Салмағы 150 келіден асатын дәрігер пациенттері үшін  адам танымастай өзгеріп кетті

«Мен үнемі жан-тәнімді салып жұмыс істейтінмін. Алайда жиі қиындыққа ұшырап тұратын едім. Жедел жәрдем дәрігерлері науқасты құтқару үшін жан ұшыра жетіп келуі тиіс кездер болады. Мұндай кездерде пациентке шаршаған күйде әрең жететінмін», – дейді ер адам.

Брайерс пациенттеріне теріс үлгі беріп жүргенін сезініп, денесін қалыпқа келтіру керектігін түсінген. Ол фастфудтан бас тарту арқылы 30 келі салмақ тастапты. Алайда мұны жеткілісіз деп санап, жаттығулардың арнайы бағдараламасын қолға алады.

Салмағы 150 келіден асатын дәрігер пациенттері үшін  адам танымастай өзгеріп кетті

Осылайша ол тамақтану жоспарын ұстанып, жаттыға бастаған.

«Бәрі түбегейлі өзгерді. Алдыма мақсат қойып, жүзеге асыра бастадым. Содан бері діттеген мақсатыма жету үшін табандылық танытып келемін», – дейді 24 жастағы Брайерс.Салмағы 150 келіден асатын дәрігер пациенттері үшін  адам танымастай өзгеріп кетті

Ер адам өзінің сырт келбеті мен өзгеруіне қатысты оқиғасы бір адамды болсын шабыттандырады деп үміттенеді. Ол жедел жәрдем дәрігерінің өз міндетін ақтарып қана қоймай, белгілі бір тәртіпке сай өмір сүруі керектігіне сенімді.

Источник: Stan.kz

Бөлісу: