Семейде екі күн бойы өткен ашық есік күнінде өңірдің 20 тұрғыны қатерлі дертке шалдыққаны анықталды деп хабарлайды express-k.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қатерлі ісіктерді ерте анықтау және алдын алу мәселелеріне арналған онкүндік аясында өңірдің медицина мекемелері қала тұрғындарын тегін тексеруден өтуге шақырды.

Екі күн ішінде мамандардың қабылдауында 775 адам болған. Өкінішке қарай, келушілердің жартысынан көбіне медициналық көмек қажет болыпты.

Нақтырақ айтқанда, 21 адамнан онкологиялық аурулар анықталса, 20 тұрғын қатерлі дертке дейінгі ауруға, 242 адам басқа сырқатқа шалдыққаны белгілі болды.