Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға өмірде өз орнын тауып, табысқа жетуге көмектесетін бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz.

ҚР президентінің телерадиокешені Instagram желісінде видео жариялады. Видеода Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі жастардың мүмкіншілігі мен неге қол жеткізе алатыны туралы айтады.

«Бүгінде біздің жастар бүкіл әлеммен араласады. Жолдар ашық, шекара ашық. Қалаған жерінде оқып, қалаған жерінде тұрады. Айналасына қарап, оларда қалай, бізде қалай екенін көреді. Сондықтан, бәрінен бұрын, жастар негізгі білім алуға тырысу керек. Жастық шағын бос өткізбей, түрлі ойын-сауықтарға уақыт шығындамауы керек. Оны кейін де жасауға болады», – дейді елбасы.

Президенттің сөзінше, біріншіден, «жастар білімді болуы керек, себебі бәсекелестік тек мемлекеттер арасында емес, әр адамның арасында болады. Бұл бәскеде кім білімді, сол жеңеді».

Екіншіден, жастар кез келген жұмысты істеп, өзін жақсы қырынан көрсету керек, дейді мемлекет басшысы.

«Сол жұмысты зерттеп, өзінің шағын ұжымында табысқа жетіп, өзін мойындатуы тиіс. Үшіншіден, өмірде табысқа қол жеткізу үшін денсаулық қажет. Өз денсаулығыңды сақтап, шұғылданып, денсаулыққа зиян келтіретін дүниелермен айналыспау қажет. Төртіншіден, менің ойымша, Отаныңды, өз еліңді сүйіп, патриот болу керек. Ел ішінде, сыртында болсаң да, оған қызмет ету қажет», – дейді Назарбаев.

 

Елбасының сөзінше, егер мұндай адамды тәрбиелесе, мемлекет пен болашақ жастар қорғалады.

Источник: Stan.kz

Бөлісу: