Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы шөлмектес досын жіппен буындырып өлтірген

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы үйсіз-күйсіз адамды 9 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталушы қазан айында өзінің 41 жастағы шөлмектес досын жіппен буындырып өлтірген. Оның айтуынша, «мені өлтірші» деп жолдасының өзі өтініш білдіріпті.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, өзін-өзі қорғау немесе күш көрсету белгілері анықталмаған.

Алайда, сот айыпталушының сөзін дәлелсіз деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Айыпталушының кінәсін мойындағанын және жасаған қылмысын өкінетінін, сондай-ақ мас күйінде қылмыс жасағанын ескере отырып, 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: