Соңғы жылдары әр әні хитке айналатын Райм мен Артур тағы да желіні “жарды”. Жұлдызды дуэт бұл жолы қазақтың ұлттық бас киімі сәукеле жайлы ән жаздырып, бейнебаян түсірген, деп жазады Stan.kz.

Күні кеше жарық көрген клипті небәрі бір күнде 300 мыңнан аса жан тамашалап үлгерген. Тыңдарманның басым бөлігі ұлттық бас киімді ұлықтап, өзгелерге үлгі бола білді деп Райм мен Артурға алғысын жаудыруда. Айтпақшы әнбаянға Жанар Айжанова, Альбина Шардарова, Нагимуша сынды танымал қыз-келіншектердің түскенін айта кетейік.

“Жалаңаш қыздарсыз да әдемі клип түсіруге болатынның дәлелі”, – дейді тыңдарманның бірі.

“Қазақтар әбден шөлдеп қалған. Ұлттық нақышты көргенге бір марқайып қалдық шынымен, сайқымазақтардан шаршаған екенбіз”, – деп риза болды екіншісі.