«АЙКА»: ҰЛТ ТРАГЕДИЯСЫ

Әйел азса, ұлт жойылады. Басты идея осында. Тым күрделі. Масштабты. Адамзатқа айтары бар. Ойлы. Қатігез­дікті мойындау арқылы ғана, мейірімнің қадірін түсінуге болады. Бұл фильмнің табиғаты осындай. С.Дворцевойдың «Айка» фильмі – бүгінгі дәуірге қойылған қатаң диагноз. Біз өзгердік. Бізде көп нәрсе өз­герді. Рухани құлдырау. Ойлау жү­йесі. Нарық. Жұмыссыздық. Құл­дық. Адам саудасы. Тоқырау. Ты­ғырық. Осы күйді өткерген ұлт тағдырын фильм авторы басты кейіпкер Айка арқылы үлкен ше­берлікпен ашады. Бұл – заманның ащы шындығын мойындау. Фильмнің басты ұтымды­­ғы – автор көрерменге тығырыққа тірей­тін сұрақ қояды.

Таңдау жа­сауға мүм­кіндік. Есеп беру. Арыңа. Адал­д­ығыңа. Аманатыңа. Адам­заттық дейгейде ұлттың құқын ашық тал­қыға салады. Осы біз неге адам сияқты өмір сүре алмаймыз?! Әлеуметке тұ­рақты экономикалық жүйе құра алмай­мыз?! Айуандығымызды мойын­даймыз. Бірақ табиға­ты­мызға қарсы тұра алмаймыз. Мә­селе осында. Ше­шіл­меген тү­йін. Жауабы жоқ көп сұ­рақ. Фильмнің финалындағы ша­ра­сыз­дықтан қиналып жылаған Ай­­каның көз жасы көрерменді де ты­ғы­рыққа тірейді. Бұл сәт үлкен ше­бер­лік­пен фильмге ұтымды нүкте қойған. Ойланбайтын адамдар көп. Дәл бүгінгі заманда. Өз ісіне есеп бер­мей­тін. Жауапкершілік көтер­мей­тін. Жаны ауырмайтын. Жал­ған кү­летін. Жағымпаздықтың арзан мас­касын киетін. Өзін алдайтын. Ер­теңін ойламайтын. Келешегіне алаң­дамайтын. Бұл фильмнің бү­гін­гі көрерменге әлі де ойлануға беретін мүмкіндігі көп. Күнкөріс. Күйбең тірлік. Кү­нел­ту. Жан бағу.

Осы жолда барлық тә­уекелге бару. Баладан безу. Өз ана­лық табиғатына қарсы тұру. Түй­сігін мойындамау. Сезімдеріне ша­буыл жасау. Қиянат. Өзін аямау. Мүл­дем ұмыту. Бәрі де шарасыз­дық­тан. Амал жоқтықтан. Таңдау қал­мау. Хайуан құрлы құның болмау. Бұл фильм ұлттың құқын таптау мен сақтаудың ең өзекті саяси мәселесін өткір қозғай білді. Ұрпақ жазықты емес. Ер-аза­мат жауапкершілік алмаса. Әйел затын қорласа. Ана деп сыйламаса. Қа­рын­дас деп қорғамаса. Жарым деп ая­ла­маса. Бәрінің құны жо­йы­лады. Мә­се­ленің негізгі өзегі осын­да. Әйел – рухани, ер-азамат – мате­риал­дық құн­дылықтарға жауапты. Эко­но­ми­каның барлық саяси кар­тасы дәл осы фильмде ерекше ашылды. Әйел заты күнкөрістің түйсігіне тәуелді болса, ол ұлттың ер-азамат­тарының намысы мен беделі жо­йы­лады. Әйелдің табиғатына қар­сы тұрып, жатырындағы жауапкер­ші­лікке шарасыздықтан қиянат жаса­са, демек бұл – ұлтқа төнген ең үлкен қауіп. Өзге ұлттың табал­ды­рығында күнел­тудің трагедия­сының негізі де осында.

Гүлзат КӨБЕК,

кинотанушы, өнертану PhD докторы