Қарағанды облысында бір тәулікте 40-тан астам жол апаты тіркелді

Қарағанды облысында бір тәулік ішінде 40-тан астам жол көлік оқиғасы тіркелді. «Теміртау- Астана» тас жолындағы апатта екі жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам қаза болды. Қала ішінде болған жол көлік апаттарында 18 адам жарақаттанып, қалалық ауруханаға түсті. Полицейлердің айтуынша, жол көлік оқиғаларының жиіленуі ауа райының қолайсыздығымен байланысты. Ерік Шонбаев, облыстық травматология және ортопедия орталығының ахуалдық орталық басшысы: — Ауруханаға жеткізілгендер түрлі жарақаттармен түсті. Оның ішінде сүйек сынғандар мен бас жарақатын алғандар бар. Жарақаттанғандардың жалпы жағдайлары тұрақты деп айтуға болады. Науқастар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында.

Бөлісу: