Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында мектеп оқушылары арасындағы төбелес пышақтасумен аяқталған. Жарақаттанған сегізінші сынып оқушысы ауруханаға түсті деп хабарлайды КТК арнасы.

Оқиға түскі бір шамасында үзіліс кезінде болған. Мектеп басшылығы әзірге екі баланың арасындағы төбелестің неден шыққанын анықтай алмады.

Тоғызыншы сынып оқушысы қалтасындағы бәкімен өзінен бір сынып төмен оқитын баланы бірнеше жерден жаралаған. Жеткіншектің сөзінше, ол бәкіні көшеден тауып алған.

Пышақ жарақатын алған оқушы Қарағанды ауруханасына жеткізілген.

«Белінен пышақ жарақатын алған. Балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір Қарағанды қаласындағы ауруханасында. Оған барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы орташа», — дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса

Бөлісу: