ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 5G желісін енгізу жайында айтып берді.

Министрдің айтуынша, бүгінде әлем бойынша ұялы байланыстың жаңа үлгісі — 5G желісін енгізу мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Соның арқасында фильмдерді бірнеше секундтың ішінде жүктеуге мүмкіндік бар. Басқа да теxнологияларды жан-жақты дамытуға болады. «Биыл Қазақстанда 5G теxнологиясын сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

Осыдан кейін аталған желіні республика бойынша енгізу мерзімі анықталатын болады», — деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде. Оның айтуынша, шалғай жатқан ауылдарға талшықты-оптикалық желілер арқылы сапалы интернетті тарту жұмыстары да жалғаса береді. Өткен жылы 144 мыңнан астам адамды қамтитын 56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды. Негізгі мақсат — 1 249 елдімекенді кең жолақты желімен қамтамасыз ету. Жобаны жүзеге асыру барысында 20 мың шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылысын салу жоспарланып отыр.  Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі жүйе тек әлеуметтік желілерге ғана қатысты. Ал мессенджерлерге тарамайды. «Біз әрбір телефонның ішіне кіре алмаймыз», — деп атап көрсетті Д.Абаев.

Бөлісу: