Желі қолданушылары әлем елдерінен түсірген толған айдың суретін жариялады. Ерекше құбылыс 19 ақпанға қараған түні болды.

Бұл сәтте спутник Жерге жақындайды. Өткен жылы толған айды 21 қаңтарда бақылау мүмкін болды. Ол Айдың тұтылған сәтімен тұспа-тұс келді. Ол кезде Ай Жерге 357,3 мың шақырымға жақындады.

Жер мен Айдың ара қашықтығы 357 мың шақырымнан 406 мың шақырымға дейін жетеді. Оны бақылау үшін спутниктің Жер шарына жақын нүктесіне келген сәтінен үш күн бұрын не үш күн кейін көру керек. Биыл бұл көрініс енді қайталанбайды.

Желі қолданушылары әлемнің әр елінен түсірілген толған айды көріп таңғалды