Жан құрбысының күйеуімен түнгі клубта көңіл көтерген Жания Джуринская қатаң сынға ұшырады. Көпшілік отандық актрисаның қылығын ерсі санап, оны бұл әрекеті үшін сөгіп тастаған деп жазады NUR.KZ.

Кино саласының жұлдызы өзінің Instagram парақшасына құрбысының жолдасымен билеп жатқан видеосын жүктеп қойды.

Мейіржан Түребаевпен түнгі клубта көңіл көтеріп жүрген ару желідегілердің қаһарына ұшырады.

Бейнежазбада олардың бір-бірінің қимылын қайталап, жануарларды салып жатқаны көрініс тапқан.

Оқырмандар басқа біреудің күйеуімен түнгі уақытта қыдырып жүрген актрисаға шүйлікті.

«Пайдалы нәрсемен айналысасың ба өзің?», «Мейіржанға ғашықсыз ба?» ,» Маймылға ұқсап тұрсыздар», «Өте тамаша жұп, махаббат тілеймін сіздерге» , «Сүйкімділігіңді осылай шая салдың. Құрбың қызғанбай ма күйеуін сенен?» , «Бұл балалы-шағалы адам ғой. Оған қоса құрбыңыздың жолдасы емес па?» , — деп жазуда көпшілік.