6505 бөлімінің әскери қызметкері күзет кезінде көз жұмды. Мәлімет бойынша, 18 жастағы Әліби Сапа өзін Долинка ауылындағы мұнарада атып өлтірген. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап,  Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды

Ол сотталғандар жұмыс істейтін объектілерді күзеткен еді. Марқұмның туысқандары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Олар Әліби Сапаның кісі қолынан қаза тапқанына сенімді.

18 жастағы жігіт әскери адам атануды армандаған. Соңғы рет ол апасымен үш күн бұрын сөйлескен.

Жиырмасыншы ақпан күні марқұмның үйіне қаралы хабар жетті. Ол Калашникова автоматынан өз басына оқ атқан екен. Әліби Сапа әскерге өз еркімен кеткен. Сондықтан оның туысқандары бұл сұмдық жайтқа сене алар емес.

“Олар өз-өзіне атты деді. Сенбі күні хабарласқан. Көңілді, жайдарлы. Мама, “Алтыншы пост” фильмін көр, — деп екі рет айтты. Мен жақсы балам,— деп жауап бердім. Көңілді, жайдарлы, өзінде барлығы жақсы екенін айтты. Бұл қалай болғаны? Мен кінәлілердің жазалануын талап етемін”, — дейді анасы.

Қайғылы оқиға күзет орнында таң енді ғана атып келе жатқанда орын алған. Әскерлер сотталғандар жұмыс істейтін объектілерді тексеруге келген. Әліби Сапа күзет орнында үш сағаттай тұру керек болған. Бірақ ол сол жерден өлі күйінде табылды. Командирлер оның көңілді, жақсы жігіт болғанын алға тартады. Ал кезекшілік кезінде қандай оқиғаның болғанын ешкім білмейді. Осы жағдайға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

“Әскер Сапа күзет орнында тұрып, сағат 7:40-та Калашникова автоматын иек тұсына тақап, өзіне оқ атқан. Ол күзет орнында жалғыз болды. Алматы облысында орналасқан қорғаным ісі бойынша департаменттен келген ол арнайы дайындықты өтті”, — дейді 6505 әскери бөлімінің командирі Азамат Смағұлов.

Әліби Сапаның денесі туысқанлдарына ертең беріледі. Туысқандары нақты тергеу жұмыстарының жүргізілуін сұрайды. Бұл 6505 әскери бөліміндегі алғашқы суицид емес. Осыған дейін, 2014 жылдың мамырында 19 жастағы әскер Мырзабай Сапарбаев өзін мұнарада атып өлтірген еді.

Бөлісу: