Қарақат Әбілдинаның кезекті жұмысы көрерменге жол тартты. “Қазақтың қызымын” атты бейнеклипке әншінің үйіндегі отағасы мен бес бірдей баласы түгел түскен. Қарақат осы туынды арқылы әйелдік бақыттың қаншалықты бағалы екенін көрсеткісі келген, деп хабарлайды Stan.kz.

Айта кетейік, аталған туындының алғашқы атауы “Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден” болған.

Қарақатқа арналып жазылған бұл әннің сазын Жанар Қожағазина, ал сөзін ақын Гүлзина Нұрманова жазған.
“Маған арнап жазылған осы әнде менің бір күндік өмірім суреттелген.

Мен өзім ән айтсам да, әңгіме айтсам да жақсылықтың жаршысы боп жүргенді ұнатамын.. Әйтеуір тыңдаған адам бұл өмірде жақсы дүниенің бар екенін, әйелдік бақыттың бағалы екенін сезінсе деймін”, – дейді Қарақат.

Бөлісу: