DAZN платформасының басқарушысы Эдди Хирн  қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің барысы туралы айтты. Сонымен қатар оның мансабын аяқтайтыны туралы қауесетке қатысты жауап берді.

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Біз Геннадиймен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Не боларын көреміз. Алайда ол барлығымен келіссөз жүргізуде және жақында шешім қабылдайды. Ол Марвин Хаглердің ізімен жүріп, қазір мансабын аяқтауы мүмкін бе? Жоқ, мен олай ойламаймын. Ол – тамаша боксшы. Алда әрі 2-3 жылы бар деп ойлаймын», – дейді Хирн.

Бүгінгі таңда Головкинге WBO чемпионы Деметриус Андраде қарсылас бола алуы мүмкін деп топшыланып отыр. Ол да DAZN-ның клиенті болып табылады. Сондықтан Головкин «миллиардтық жобаға» қосылуды ұйғарған жағдайда, бұл жекпе-жекті ұйымдастыруды айтарлықтай жеңілдетеді.

Бөлісу: