Өмірге 2 пайыздық қана мимен келген бала жаттығудың көмегімен миын толықтай қалпына келтірді.

Дәрігерлер баланың анасына Шелли Уоллге түсік жасатып, баладан бас тартуды ұсынады. Дәрігерлер бірнеше рет ескерту айтқанымен, анасы құлақ аспайды. Баланың әкесіне де шақалақтың омыртқасы дұрыс жетілмегенін, сондықтан өмір сүру ұзақтығы көпке бармйтын айтады.

Ерлі зайыпты бұл баланың өмірге келуін қалады

“Дәрігерлер осындай ескерту айтса, жас отабсылар оған көнер еді. Біз ондай жастан өткенбіз, сондықтан баламыздың өмірге келгенін қаладық”, – деді анасы.

Бала өмірге келген соң бақылауда болды. Баланң көру, есту, сөйлеу, тамақтану қабілеті болған жоқ. Ата-анасы Австралиядағы миды дамыту орталығын апарып, дайындықтан өткізді. Уақыт өте бала өздігінен отыра алатын болды. Серфингпен айналыса бастады. Оның ми жұмысының үздіксіз жұмыс істеуінің көмегімен 3 жасқа келгенде миының бөлігі 80 пайызға өсті.

Қазір бала 6 жаста. Ол енді толықтай өздігінен жүргісі келеді. Серфингпен айналысып, тіпті шаңғы тепкісі келеді.

Бөлісу: