Отандық эстрада жұлдызы Тамара Асар ұлының шашын біртіндеп жұлып тастады. Әнші бұл видеосын өз Instagram парақшасында жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Ұлының африкалық шаш үлгісін армандағанын айтқан Тамара Асар көп уақыт өтпей, оны шешуге мәжбүр болыпты.

«Телефон соқшы» деген әнге жасаған Қамбардың рөлінің стилі, 2 жыл армандаған Дреды деген Африкалықтардың шаш үлгісі еді. Соны жұлмалап шешіп отырмын.

Әуел баста осы шаш жайында айтқанда мән бермедім, кейін айтуы жиілене бастағанда ойландым, іштей қарсы болдым.Ұзақ сөйлесіп, бір шешімге келдік. Клипке образ жасайтын болдық.

Екеуміз әрлі-берлі мерзімін саудаластық, ол клиптен кейін 20 күн деген, мен клиппен қосып 2 аптаға түсірдім.(дредымен жүру мерзімі ғой)

Сонымен жасаттық, 1 аптаға жетпей,өзі шешуімді өтінді, себебі біздің мұсылмандық гигиенаға үйренген, спортпен айналысатын адамға бұл шаш үлгісі жарамайтынын менен бұрын өзі түсінді. Басы шіріп кететін түрі бар екен«,- деп жазған әнші.

Сондай-ақ, Тамара балалармен ренжіспей, ашық түрде сөйлесу қажеттігін алға тартты.

«Әр баланың қалыптасу кезеңінде қоғам талаптарына, мектеп қабырғасының тәртібіне сай емес шаш үлгісі, киім үлгілері немесе жаман әдеттері болуы мүмкін. Бұл уақытша құбылыс болады, егер сіз баланың жан дүниесіне үңіліп, ол үлгі немесе, киім үлгісі немесе жаман әдет не үшін ұнайтынын ұзақ уақыт ренжітпей отырып, сөйлессеңіз. Сөйлесу арқылы балаңыздың ойына саяxат жасасыңыз, өзіңізге ата-ана ретінде көп жаңалық ашасыз. Сөйлесейік», — деген ол.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары әншінің ұлы Қамбардың ержетіп қалғанын айтып, таң қалған.

Арасында Тамара Асардың бояусыз келбетіне тамсанғандар да табылыпты.

 

Бөлісу: