Ресей президенті Путиннің болашағы қараң. Мұндай болжамды осыдан бірнеше жыл бұрын көріпкел Ванга айтып кеткен екен.

Ванганың 2019 жылғы болжамына сәйкес Ресей мен Путинді ауыр сынақтар күтіп тұр.

«Әлемге танымал көріпкел Ванга әжейдің дәурені жүріп тұрған 1960-1990 жылдары Ресейдің болашақ президенті Владимир Путин офицер болып жүрген.

Алайда, Ресейдің XXI ғасырдағы хал-ахуалы, оның президенті, президенттің басқару жүйесі жайлы Ванганың айтқандары дөп түсіп жатыр. Көріпкел бейнелеген президент – Путиннің дәл өзі», — делінген ресейлік Политека басылымында.

Ал Ванга Путинге қатысты 2019 жылды да болжады. Көріпкелдің болжамынша, биыл Путинге қастандық жасалады. Әрі қастандыққа баратын Путиннің «өз адамы» екен.

Мұның бәрі билікке таластықтан туған жағдайлар болмақ. Қастандық жасайтын адам – президенттің күзетшісі болуы әбден мүмкін. Путинді өлтіргісі келетіндердің қарасы да көбейеді. Алайда қастандықтың қай күні болатыны белгісіз. Жалпы Ресей дүр сілкінейін деп тұр. Міне, Ванганың 2019 жылға болжамы – осындай.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Бөлісу: