Сурет: www.psychologos.ru
Төсек қатынасымен тұрақты түрде айналысу әрбір адамның денсаулығына физикалық тұрғыда ғана  емес, сондай-ақ психологиялық-эмоционалдық тұрғыда пайдасын тигізеді.

Алайда біз әр түрлі серіктермен қатынасқа түсетін немесе ешкіммен жақын қатынаста болмаудың пайдасы мен зиянын, әйел адамның ұзақ уақыт бойы төсек қатынасына түспеудің денсаулығына зияынын сөз етпекпіз.

Кейбір әйелдердің төсек қатынасына бармауы оның өзі қалаған серігін жолықтырмауынан немесе денсаулығының дұрыс болмауынан, тіпті психикалық жарақат алуынан болуы мүмкін. Егер әйел ұзақ уақытқа дейін төсек қатынасына түспеген босла, оның серігімен қатынасы сирек болады. Әйел адам үнемі отбасы мен балаларын, мансабын ойлайтын босла, ол үшін төсек қатынасы екінші орында тұрады. Көптеген адамдар әйел адамның ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болмауы денсаулығына қаншалықты зиян тигізетінін елестете де алмайды.

Әйелдердің ұзақ уақыт төсек қатынасына түспеуі оның тағдырына, денсаулығына, тіпті темпераментіне байланысты. Әйелдерде, әсіресе 30-45 жас аралығында төсек қатынасына деген құштарлық артады. Осы аралықта жиі қатынасқа түскен әйелдер өзін жақсы сезінеді. Ал, осы жас аралығында жыныстық қатынаста тұрақты бомлаған әйелдер тез шаршайтын болады. Стрессті жағдайда өзін ұстай алмай, өзгелерге қарағанда шаршаңқы көрініп, ерте қартая бастайды.

Мұндай жағдайда әйелдер ауыр және қауіпті аурулармен ауырып жатады. Соның ішінде фибромиома дертімен ауыруы мүмкін. Және етеккір келетін уақыттарда ауырсыну байқалып, көңіл-күйі жоғалады, алайда тамаққа тәбеті тартып тұрады.

Жыныстық қатынас кезінде әйел жатырына массаж жасалып, сол арқылы оның денсаулығы мен жүйке-жүйесі қалпында болады.

Ұзақ уақыт қатынаста болмаған әйелдердің жатырынан қан кетіп, артық салмақ қосып жатады.

Бөлісу: