Ұлыбритания тұрғыны ішегінің бір бөлігі арқылы қынабын қалпына келтіру отасын жасатты. Ендігі ол жатыр трансплантациясына дайындалуда.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

37 жастағы Тара Граттонның 3 жасынан бастап денсаулығына қатысты қиындықтары болған. Оның кішкентайынан бір ғана бүйрегі болған және бүйрек инфекциясының салдарынан жиі ауруханада жатыпты.
Дәрігерлер оны тексеріп, Майер — Рокитанский — Кустер — Хаузер синдромын (МРКХ) анықтаған.

«Дәрігерлерге денсаулығымдағы қиындықтардың себебін анықтау үшін көп уақыт қажет болды. Тіпті, олар бұрын-соңды осындай қиындығы бар қызды көрмегенін мойындады», – дейді Граттон.

Ол 14 жасында болашақта жыныстық қатынасқа түсе алуы үшін, қынап жолын қалпына келтіру бойынша ота жасатыпты.

«Менің дәрігерім қатерге бас тігіп, жыныс мүшемді қалпына келтіру үшін менің ішегімнің 5 сантимертлік бөлігін пайдаланды», – дейді әйел.

Дәрігерлер әйелдің аналық жыныс бездері болғандықтан, оның ЭКО арқылы жүкті бола алатынын анықтады.

Бүгінде әйелдің сүйіктісімен қосылғанына 4 жыл болған. Ендігі ол жатыр трансплантациясына дайындалуда.