Наурыз көже қалай жасалады?
Наурыз көже қалай жасалады?

Наурыз көже қалай жасалады?

Ұлыстың ұлы күні жасалатын — қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Тұз бен суды қосқанда дәмнің сан тоғыз болуы тиіс. Түркі халықтарының ұғымында жеті мен тоғыз және қырық — аса киелі сандар. Сол себепті Наурыз көже қасиетті тағам саналады. оған қоса ол — тоқшылық пен ырыс-құттың жоралғысы. Наурыз көже қалай жасалады? Наурыз көже құрамы, Наурыз көже рецепт

Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынамыз:

Құрамы: 1 келі ет
Қазы, қарта
100 грамм бидай
жүз грамм күріш
100 грамм жарма (перловка)
100 грамм тары
Тұз
3 литр су
1 литр айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.

Құрамы: Наурыз көже қалай жасалады?

  • ет (жылқы еті, қазы-қарта, жал-жая,шұжық, сүрленген ет, қой не сиыр еті)
  • су
  • сүт
  • қымыз
  • қатық
  • бидай
  • күріш
  • тары
  • кеспе
Наурыз көженің жасалу барысы: Наурыз көже құрамы
  1. Еттің барлығын жуып, 2-3 сағат көлемінде суға пісіреміз.
  2. Сорпаға қатықтың жартысын езіп алып, ет піскенше қойып қоямыз.
  3. Бөлек ыдысқа дәнді дақылдарды жартылай дайын болғанша суға пісіріп аламыз. Артынан сүт құйып, әбден дайын болғанша пісіреміз.
  4. Дайын болған дәнді дақылдарды ет пісіп жатқан сорпаға салып, араластырамыз. 30 минут көлемінде баяу отта пісіреміз.
  5. Етті сорпадан алып, аздап суығанын күтеміз. Суығаннан кейін кішкене бөліктерге бөліп, қайтадан сорпаға саламыз.
  6. Үстінен кеспені салып, дайын болғанша пісіреміз.
  7. Дайын болған сорпаны оттан алып, 2-тармақшада дайындаған қатығымызды қосамыз.
  8. Жақсылап араластырып алып, қайтадан отқа қойып, аздап жылытамыз.
  9. Қалған қатықты қымызға араластрамыз. Жылыған сорпаны оттан алып, қатық араласқан қымызды қосамыз.  Наурыз көже қалай жасалады?
Міне, наурыз көжеміз де дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

 Көже ішілерде ақсақалдар:

Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурызкөже де,
Толтырып ішкей кесеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Наурыз көже рецепт
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер! — деп бата берген.
Наурыз көже қалай жасалады? Наурыз көже құрамы

Тағы оқыңыз: 

# Наурыз көже рецепт # Наурыз көже құрамы # Наурыз көже жасалу үлгісі