Ата-анасының кенжесіне жасаған сыйды Төреғали Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Сондай-ақ, ол қарындасына өлең жолдарын арнады:

“Жалған өмір ұсынса да тақты жүз,
Бауырлар деп бағалаймыз бақты біз.
Өр кеудемнің ең бір нәзік бөлшегі
Қуанышың құтты болсын, тәтті қыз”.

Иә, ағасы бардың жағасы бар. Желі қолданушылары қарындасын аялап, оған сый көрсеткен Төрешке риза болды. Көпшілігі Динаны туған күнімен құттықтауға асықты. Алайда кәмілеттік жасқа толмаған қызға көлік сыйлағанын түсінбей, әншіні сынға алғандар да табылды.

Төреғалидің отбасы Динаның туған күнін өз орталарында атап өткен. Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен мерекелік кешке Қайрат Нұртас қонақ болып келген-ді. Ол кеш барысында Динаға арнап ән шырқап, қонақтардың көңілін көтерді.

Төреғали Төреәлі 16 жасқа толған қарындасына әппақ Toyota көлігін сыйлады

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі – бір үйдің тұңғышы. Оның соңынан ерген Фариза, Дина есімді қос қарындасы бар.

Бөлісу: